Чилиде әуе күштерінің тікұшағы апатқа ұшырады

Чилиде әуе күштерінің тікұшағы апатқа ұшырап, 5 адам қаза тапты.

Қайғылы жағдай түнгі жаттығулар кезінде болды. Қазір апаттың шығу себептері анықталып жатыр. В-412 тікұшағы орманға құлаған, соның салдарынан өрт қаупі туды.

Николас Лоаиса, өрт сөндіру бөлімінің капитаны: 

- Жаңбырдан кейінгі балшық бар, онымен қоса, ну орманның ішіне кіру оңайға соққан жоқ. Алайда, орманға және жақын маңдағы құрылымдарға таралмас үшін қызыл жалынды дер кезінде сөндірдік.

Нигерия

Нигерияның іскерлік астанасы Лагоста да тікұшақ апатқа ұшырады. Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, техника қаланың қақ ортасындағы ауданға құлаған. Бортта болған екі адам құтқарылды. Зардап шеккендер жоқ.