Қытайда су тасқынымен күрес жалғасып жатыр
Қытайда тайфун салдарынан туындаған су тасқынымен күрес жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Елдің солтүстігіндегі Хэбэй провинциясынан 1 млн 200 мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді. Әзірге халық көп шоғырланған Хайхе өзенінің бассейнінде су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Метеорологтардың айтуынша, 13 өзеннің суы деңгейінен асып кеткен.
Айта кетейік, Доксури тайфунының әсерінен 27 шілдеден бастап аймақта толассыз жаңбыр жауып жатыр. Оның орташа мөлшері 146 миллиметрден асты.