Амазонияда орман өрті қаупі күшейді
Бразилияның Амазония аймағында биыл қайта алапат орман өрттері болуы мүмкін.
Жергілікті экологтар осылай деп дабыл қағып жатыр. Себебі Тынық мұхитының экваторлық бөлігінде Эль-Ниньо құбылысынан өңірде күн ысып, алқаптардың отқа орану қауіпі күшейген. Әсіресе талдар оталып, тақырланып қалған алқаптардың өртену қауіпі жоғары, - дейді мамандар.
Ромуло Батиста, «Гринпис» ұйымының өкілі:
- Соңғы 4 жылда Амазонияның орманын отау көбейді. Салдарынан ағаштар кеслген алқаптарда шөптер қурап, күн ысығанда тез тұтанатындай жағдай қалыптасқан. Осыған байланысты тамыз-қыркүйек айларында аймақта орман өрті жиілеуі мүмкін.