Перуде алтын өндірушілер аң мен құсқа орасан зиян келтіріп отыр
Перуде Амазон өзенінде алтын өндіріп жатқан компаниялар аймақтағы аң-құстарға орасан зиян келтіруде.
Зерттеу жұмыстарын жүргізген жергілікті ғалымдар осындай шешімге келді. Алтын іздеушілер көбіне сынапты пайдаланады екен. Осының салдарынан улы зат ауаға тарап, табиғатты бүлдіріп жатыр. Кейбір ақпаратқа сәйкес, өзенде 46 мыңнан аса адам заңсыз алтын өндірумен айналысады екен.
Гидеон Эркенсвик, биолог:
- Анд тауынан бастау алатын бұл өзен минералға бай. Оның ішінде алтынның ұсақ түйіршіктері көп. Адамдар оларды сүзіп, тазалап алу үшін сынапты пайдаланады. Бұл әдіс өңірде алтын өндіруде кеңінен қолданылады.