Израильде халық сот реформасына қарсы 31 апта бойы ереуілдетіп келеді
Израильде жүздеген мың адам сот реформасына қарсы наразылық шараға шықты.
Осындай шерулер 31 апта бойы әр сенбі сайын өтіп келеді. Ең ауқымды шара Тель-Авивте болған. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, оған 105 мыңнан аса адам қатысты. Бұған биліктің жоғарғы соттың өкілеттігін шектеуге бағытталған сот реформасы себеп. Енді басқарушы партия еш кедергісіз кез келген заңды қабылдай алады.