Словенияда табиғи апаттан 4 адам опат болды
Словенияда су тасып, лай көшкіні жүрген, деп хабарлайды «Хабар 24».
Табиғи апаттан 4 адам опат болды. Су тұрғын үйлер, мекемелер мен жолдарды шайып жіберді. Кейбір ауданда халық жарықсыз қалды. Құтқарушыларға су басқан елді мекендерге қайықтарға мініп жетуге тура келді. Әсіресе Австриямен шекаралас Короска өңіріндегі жағдай ауыр. Биліктің алдын-ала есебі бойынша, су тасқыны салдарынан келтірілген шығын көлемі 500 миллион еуродан асты.