АҚШ-та тікұшақтар соқтығысты

АҚШ-тың Калифорния штатында орман өртін сөндіруге барған 2 тікұшақ бір-бірімен соқтығысты.

2 өрт сөндіруші мен бір ұшқыш қаза тапқан. Қолда бар мәлімет бойынша апатқа қарамастан тікұшақтың бірі аман-есен жерге қонған, бірақ екіншісі орманға құлап жарылған. Алдын ала нұсқа бойынша тікұшақтардың бірінде ақау болғанға ұқсайды.