Газа секторында бір аяғы жоқ жүзгіш балалар бапкері болып жұмыс істейді
«Шын шеберге шектеу жоқ». Газа секторында бір аяғы жоқ жүзгіш балалар бапкері болып жұмыс істейді.
Маджди Ел-Таттар 9 жасында көлік апаты кезінде оң аяғынан айырылған. Есейе келе жұмыс істеп, табыс табу қиынға соққан. Оның үстіне, экономикалық оқшаулауға ұшыраған Газа секторында еңбекке қабілетті тұрғындардың өзі екі қолға бір күрек таба алмай, күнін әрең көріп жүр. Жігері жасымаған 42 жастағы жігіт ағасы өз бетімен жүзуді үйреніп, бапкер болды. Халықаралық "Қызыл Крест" ұйымының мәліметі бойынша, Газа секторында 1600 мүмкіндігі шектеулі адам бар. Олардың көбі Израильмен арадағы қақтығыстар кезінде аяқ-қолынан айырылған. Маджди арнайы лагерьде 120 мүгедек баланы жүзуге үйретіп жүр. Шәкірттерінің арасында ересектер де көп.
Маджди Ел-Таттар, бапкер:
- Ата-аналар жаттығуға балаларын алып келгенде, менің бір аяғымның жоқ байқап бірденп шошып кетеді. Әрі қарай суда жүзгенімді көргенде, қатты таңқалады. Мен мұндайға үйренгенмін. Мен балаларға туған әкесіндей болып кетемін. Олар менен үлгі алып, жүзуді үйренуге барын салады. Мен өз кемістігімді артықшылыққа айналдырған адаммын.