Португалияда орман өртінен 1,4 мың адам эвакуацияланды
Португалияның оңтүстігінде орман өртінен 1,4 мың тұрғын эвакуацияланды.
Өткен сенбі күні Ален-тежу өңірінде басталған өрт 7 мың гектар жерге тарап үлгерді. Жалын елдің оңтүстігіндегі басты туристік орындарға жақындаған. Тілсіз жаумен жүздеген өрт сөндіруші күресіп, ұшақтар қолданылып жатыр. Ал синоптиктер болса, апта ортасында сынап бағанасы 40 градустан асып, елдің көп өңірінде орман өрті жиілеуі мүмкін деп болжайды.