Ресейдегі Саха Республикасында орман өртеніп жатыр

Ресейдің қиыр шығысында орман өртеніп жатыр.

Аймақта 100 өрт ошағы тіркелген. Осы уақытқа дейін 125 мың гектар жердің жанып кеткені белгілі. Алапат өртке байланысты Саха Республикасында төтенше жағдай режимі жарияланды. Өз кезегінде Ұлттық басқару орталығының ғарыштық мониторингі 11 елді мекенді қалың түтін басқаны туралы хабар таратты. Айта кетейін, жалынды сөндіруге бас-аяғы 1,5 мың маман жұмылдырылған. Десе де оны ауыздықтау әлі мүмкін болмай тұр.