Испанияда заңсыз мигрант саны азайған
Шілденің қорытындысы бойынша Испанияға ағылған заңсыз мигранттар саны 3,5 пайызға азайған.
Бұл көрші елдердегі жағдаймен салыстырғанда едәуір жақсы көрсеткіш. Мәселен, Италия аумағына заңсыз өткендер қатары 115 пайызға артса, Грекиядағы босқындар 65 процентке көбейген. Бұл БҰҰ келтірген дерек. Айта кетейін, 2020 жылы Испания заңсыз мигранттар бойынша екінші орында болатын. Алайда жыл басынан бері бұл сан айтарлықтай қысқарып келеді.