Қытайда туристер саны күрт өсті
Қытайда шетелге топтық саяхатқа шектеу алынып, туристер саны күрт өсті.
Мәліметке жүгінсек, өзге елдерге топпен саяхаттаушылар қарасы 20 есе артқан. Әсіресе Жапония, Австралия, Оңүстік Кореяға сапар шегушілер ұлғайған. Айта кетейік, Қытайда шетелге топтық саяхат 2020-шы жылы ковид-19 пандемиясына байланысты енгізілген.
Ли Нан, туристік агенттік өкілі:
- Шетелге топтық саяхатқа шектеу алынған соң туристік агенттігімізге қоңырау шалушылар саны 350 пайызға өсті. Әсіресе Жапония, Оңтүстік Корея және Австралия бағыттарына сұраныс жоғары. Топтық саяхатпен бірге жеке турларды пайдаланушылар саны да артып отыр.