Иранда Шах Черах кесенесіне шабуыл жасалды
Оқиға Фарс провинциясында болған.
Белгісіз ер адам кесенедегі адамдарға оқ атқан. Салдарынан, біреуі қаза тауып, жетеуі ауыр жарақаттанды. Полиция оқиғаға қатысты күдіктіні ұстады. Әзірге белгілісі, ол - деструктивті діни идеологияның жақтаушысы. Террористік топтардың ешқайсысы бұл шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ.