Иранның бұғатталған есепшоттары ашылды
АҚШ-та бұғатталған Иранның 6 млрд доллар мөлшеріндегі есепшоттары ашылды.
Өз кезегінде Иран түрмесінен АҚШ-тың 5 азаматы босатылатын болды. Ақ үй өкілдерінің мәлімдеуінше, Иран бұл қаражатқа тек әскери емес тауар сатып ала алады. Бостандыққа шығатын 3 адамның есімі анықталды. Иран билігі оларды тыңшылық әрекеті үшін 10 жылға соттаған болатын. New York Times басылымының хабарлауынша, Республикалық партия Ақ үйдің бұл шешімін қатаң сынға алды.