Жапонияның Хонсю аралына "Лан" тайфуны жетті
Жел күшейіп, нөсер селдетіп жатыр.
Лай көшкіні жүру қаупі бар. Сондықтан 26 мың адам шұғыл эвакуацияланды. Қауіпсіздік үшін жүрдек пойыздардың қозғалысы тоқтады. Мыңға жуық әуе сапары кейінге қалды. Мамандар тайфун ертең ХоккАйдо аралына жетеді деп болжайды.