Грузияда лай көшкінінен қаза тапқан адам саны 26-ға жетті

Грузияда лай көшкіні құрбандарының саны 26 адамға жетті.

Құтқарушылар тағы бір адамның денесін тапқан. Қайғылы жағдай осыдан екі апта бұрын Шови шипажайында болды. Өңірде бұған дейін нөсер жауын толастамай жауған. Табиғат апатына осы себеп. 13 күн өтсе де, іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда. Өйткені әлі 7 адам табылмай жатыр.