Польшаны қымбатшылық қыспаққа алды

Өткен айда инфляция 11 процентке жуықтаған.

Салдарынан азық-түліктің бағасы айтарлықтай өскен. Енді  қоғамдық тамақтану орындарына салмақ түсіп отыр. Бұл коронавирус пандемиясынан бері жалғасып келе жатқан проблема. Қымбатшылық мәселені одан бетер ушықтырып жіберді. Былтыр қоғамдық тамақтану экономиканың қарызы ең көп екінші секторы болып танылды. Мұнда 6 жарым мың орын жабылып қалған. Азық-түліктің қымбаттағанына тұрғындар да шағымданып жатыр. 

Блиц:

- Күн көру қиындап барады. Былтыр дәмханада екі тағамды 16-17 злотыйға алатынбыз. Қазір сол үшін 30 злотый төлейміз.

- Баға деген аспандап кетті. Әсіресе жастар жағына қиын. Мен ақша үнемдеу үшін велосипедпен жүремін. Бірақ бүгін қаланың сыртына бару керекпін. Онда тек көлікпен ғана жете аламын. Шығындануға тура келеді. Бағаның өскеніне мен ғана емес, бәрі шағымданып жатыр.