Аргентинада жолаушылар автобусы өртеніп кетті

Аргентинада жолаушылар автобусы өртеніп кетті

Аргентина астанасы Буэнос-Айресте, тас жолда жолаушылар автобусы өртеніп кетті.

Абырой болғанда, жолаушылар, дер кезінде көліктен шығып үлгерген. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады жергілікті билік. Қауіпсіздік камераларына жазылып қалған оқиға, Генерал-Пас тас жолында болды. Жанармайдың төгілуіне байланысты, қызыл жалын асфальтқа жайылып, өзге көлік құралдарына да, кедергі келтірген. Өрттің шығу себебі электрлік механикалық ақаудан екені анықталды. Қазір қызыл жалын толық ауыздықталды.