Бельгияда қымбатшылық құрылысқа жетті
Бельгияның құрылыс секторы күрделі кезеңді өткеріп жатыр.
Салада банкротқа ұшыраған компания көп. Биылдың өзінде 1 100-ден астам фирма құрдымға кеткен. Құрылысы бітпей қалған үйде есеп жоқ. Сарапшылар мұны инфляциядан көріп отыр. Еуропаның өзге мемлекеттері секілді мұнда да қымбатшылық жайлаған. Әсіресе электр энергиясы мен табиғи газ бағасы шарықтап тұр. Көкөніс, теңіз өнімдері мен әуе билеттері де қымбат. Десе де құрамына 20 мемлекет кіретін Еуроаймақта шілденің қорытындысы бойынша, ең төменгі инфляция деңгейі осы Бельгияда тіркелген.