Польша мигранттар бойынша референдум өткізеді
Польшада босқындарға қатысты референдум өткізіледі.
Маусым айының басында Еуроодаққа мүше елдердің ішкі істер министрлері баспана беру саясатын реформалауды келіскен болатын. Құжат аясында ұйымға мүше мемлекеттерді мигранттарды қабылдауға мәжбүрлейді. Егер келіспесе, онда Одақ қазынасына өтемақы төлеуі тиіс. Бұл Италия мен Испания секілді босқындар көп келетін елдердің жағдайын жеңілдетуге бағытталған шара. Дегенмен, Польша билігі бұған қарсы. Онда келімсектерге қатысты қатаң саясат орнаған. Референдум 15 қазанда парламенттік сайлаумен бір мезгілде өтеді.