Канадада орман өрті өршіп барады
Канаданың Британиялық Колумбия провинциясындағы орман өрті өршіп барады.
Аймақта төтенше жағдай жарияланды. 35 мың адамға қауіпсіз жаққа көшу туралы пәрмен берілген. Сондай-ақ алапат өрт 36 мың тұрғыны бар Батыс Келоуна қаласына қауіп төндіріп тұр. Осы сәтке дейін 140 мың шаршы шақырым жасыл желек жанып кеткен. Бұл Нью-Йорк штатына тең аумақ. Сарапшылар бұл өртті қара күзге дейін сөндіре алмаймыз деп қиналып отыр.