Әлем әлі де өрттен көз ашпай жатыр

Түркияның солтүстік-батысында алапат өртпен күрес жалғасып жатыр.

Чанаккале провинциясында орман өрті кеше басталды. Ыстық температура мен қатты желдің әсерінен оны сөндіру әзірге мүмкін болмай тұр.

Тікұшақтар мен өрт сөндіру көліктері тәулік бойы қызыл жалынмен күресіп жатыр. Ішкі істер министрлігі 9 ауылдан 1 200-ден астам адамның қауіпсіз жерге көшірілгенін хабарлады. 48 адам медициналық көмекке мұқтаж.

Грекияның Солтүстік Эврос аймағында орман өрті тікұшақтың көмегімен сөндіріліп жатыр. Зардап шеккендер бар. Соңғы мәлімет бойынша, табиғи апаттан 28 адам опат болды. Эфе агенттігінің хабарлауынша, оның екеуі - бала.

Қызыл жалын осыдан үш тәулік бұрын басталған. Жүздеген адам эвакуацияланды. Қазір оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.