Мичиганда алапат дауыл соқты

АҚШ-тың Мичиган штатында дүлей дауыл соқты.

Салдарынан ағаштар түбімен жұлынып, құлап жатыр. Желдің жылдамдығы сағатына 140 шақырымға жетті. Зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат жоқ. Жергілікті БАҚ хабарлауынша, 300 мыңнан астам тұрғын электр қуатынсыз қалды. Тас жолда бірнеше жүк көлігі аударылған. Дауыл Огайо штатының кейбір аймақтарына да әсер етті.