Францияда мигранттар заңның қатайтылуына қарсы шықты
Францияда мигранттар ереуіл ұйымдастырды.
Олар көші-қон заңының қатайтылуына қарсы. Тиісті заң жобасының талқыланып келе жатқанына бірнеше ай болды. Мұндағы мақсат - босқындар санын азайту. Бүгінде Францияда 7 миллион шетелдік тұрады екен. Бұл жергілікті халықтың 10 проценті. Оларды жайғастырып, бағып күтуге кететін шығын түсетін пайдадан әлдеқайда көп. 54 миллиард еуро шамасында. Сол себепті енді сырттан келгендер үшін талап қатаңдатылуы мүмкін. Билік оларды француз тілінен емтихан тапсыруға міндеттеуді көздеп отыр. Сондай-ақ елден депортациялау жағын жеңілдетуге ниетті. Бірақ мұнымен мигранттар да, құқық қорғаушылар да келіспей отыр.
Мохамед Асаид, құқық қорғаушы:
"Кейінгі 33 жылда осымен отызыншы заң жобасы әзірленіп жатыр. Бұл Францияға енді келгендердің ғана емес, бұрыннан осында тұрып жатқандардың да өмірін қиындатады. Билік экономика үшін тиімді кәсіп бойынша заңсыз мигранттарға жұмыс істеуге мүмкіндік береміз дейді. Алайда шындығында олай болмай қалуы мүмкін."
Мерием, Мароккодан келген мигрант:
"Францияда тұрып жатқан мигранттардың өмірі қиын. Өйткені олар өзгелерден көп жұмыс істейді. Бірақ басқалар секілді салық төлейді. Бірақ құқығы шектелген."