Ауаның ластануы адамның орташа өмір сүру жасын қысқартты

Ауаның ластануы әлем халқының орташа өмір сүру жасын 2 жылға қысқартты.

Чикаго университетінің зерттеушілері осындай жаңалықпен бөлісті. Автомобиль, зауыттар, сондай-ақ табиғи өрт салдарынан ауа құрамы өзгеріп жатыр. Қалыптасқан қатты заттар адам өкпесіне, кейде тіпті қан құрамына жиналады. Улы ауаның әсерін темекі түтінімен салыстыруға болады, дейді ғалымдар. Қазір әлемдегі ең ластанған елдер санатында Бангладеш, Үндістан, Непал және Пәкістан бар. Бір ғана Бангладештегі өмір сүру ұзақтығы орта есеппен 7 жылға қысқарған.