АҚШ-та шөлейтте қалып қойғандар үйлеріне қайта бастады

АҚШ-тың Невада штатында өткен «Burning Man» фестиваліне қатысушылар үйлеріне қайта бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еске салсақ, өткен аптада шөл далада толассыз жауын салдарынан көліктер батып қалған еді. Сөйтіп, шараға келген 64 мың адам кері қайта алмай, ен далада түнеуге мәжбүр болған. Тіпті бір адам көз жұмды. «Burning Man» фестивалі АҚШ-та жыл сайын өткізіледі.