Капитолийге шабуыл жасағандар сотталды

АҚШ соты "Proud Boys" оңшыл тобының бұрынғы жетекшісіне жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырғаны үшін 22 жылға үкім кесті.

Сот оны Вашингтондағы Капитолииге шабуыл жасауға тікелей кінәлі деп таныған.

2021 жылы қаңтарда мыңдаған адам Конгресс ғимаратына шабуыл жасайды. Терезелерін сындырып, мәрмәр тастарды қиратады. Міне осы жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды деп айыпталған күдіктілер ішінде 39 жастағы Энрике Таррио да бар. Оған қатысты тергеу екі жылдай жүрді. Прокурорлар оны оңшыл топтың белді жетекішісі болды, әрі 2021 жылы 6 қаңтар күні заңды билік ауысуы процесіне қарсы арандату әрекетіне барған дейді.

Трамптың жақтастарын Капитолийге басып кіруге үгіттеді деп айыптап, соттан 33 жыл сұрады. Дегенмен, үкім 22 жылға кесілді. Бұл қаңтардағы жаппай тәртіпсіздікке қатысты ең қатаң жаза болып отыр. Адвокаттар апелляцияға береміз деді.

Наиб Хасан, айыпталушының адвокаты:

- Біз 15 жылдан артық жаз кеспеуді сұрағанбыз. Өткен аптада шығарылған үкімдерді көрдік және соларға сүйене отырып осындай ұсыныс айтқанбыз. Жақын арада қайта шағым түсіреміз. Оның 6 қаңтарда Вашингтонда болмағаны тәртіпсіздіктерге «тікелей ықпалы» болмағанын білдіреді.

Есіңізде болса, екі жыл бұрын АҚШ астанасында жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырушылар президент сайлауында жеңіске жеткен Джо Байденді Конгрестің ресми бекітуіне кедергі келтірмек болған. Сол кездегі Ақ үй басшысы Дональд Трамп та отқа май құйып, сайлау дұрыс өтпеді, жаппай алаяқтық болды деп мәлімдеген еді. Оның мыңдаған жақтастары Конгреске басып кіріп, арасында полиция қызметкері бар бес адам қаза тапты. 140 полиция түрлі жарақат алды.

Капитолийге шабуыл жасады деген айыппен барлығы 1100-ден астам адам қамалып, оның 630 кінәлі деп танылды. Ал 110 адам сотталып кетті. Республикашыл бұрынғы президент Дональд Трампқа да айып тағылып, үстінен іс қозғалған.

Нұрбек Бекен, «Хабар 24» АҚШ, Вашингтон