COVID-пен күрес жалғасады – ДДСҰ
Коронавирустан құтылу оңайға түспейді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры індетке қарсы іс-шараларды жалғастыру қажеттігін айтты.
Соңғы кезде КОВИД-19-дың салдарынан Таяу Шығыс пен Азия елдеріндегі өлім-жітім көбейген. Әзірге коронавирустың қай түрі көп таралып жатқанын дөп басып айту қиын. Әр кезде жаңа штаммдар пайда болып жатады. Мәселен әлемнің 11 елінде вирустың жаңа түрі анықталды.
Тедрос Аданом Гебрейесус: ДДСҰ бас директоры:
- Қыс мезгілі жақындаған тұста әлемнің солтүстік бөлігінде КОВИД-тің таралу қарқыны бізді алаңдатып отыр. Таяу Шығыс пен Азияда өлім-жітім көбейген. Еуропаның бірқатар аймағындағы ауруханаларда науқас саны артты.
Осы кезде Модерна компаниясы COVID-19-ға қарсы жаңа вакцина дайындады. Дәрі вирустың өзгерген түріне төтеп бере алады. Ол адам ағзасындағы антиденелердің үлесін 7-8 есеге дейін арттырады. Демек, вакциналау індетпен күресте маңызды құралы болып қала береді,-дейді мамандар.