АҚШ-қа қарай өтуге талпынған мигрант балалардың саны 2 есе артты
Латын америкасынан АҚШ-қа қарай өтуге талпынған мигранттар арасында балалар саны артқан.
Бұл туралы БҰҰ Балалар қоры мәлімдеді. ҰЙым өкілдерінің айтуынша, биыл жыл басынан Дэриен Гэп орманы арқылы Колумбия мен Панама шекарасын 60 мың жеткіншек кесіп өткен. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 2 есе көп.
Лоран Дювилье, БҰҰ балалар қорының аймақтағы өкілі:
- Балалары бар мигранттар үшін бұл орман арқылы шекараны кесіп өту үшін кем дегенде 6-10 күндей кетеді. Адамдар жолда ауызсу жетіспей қатты қиналады. Қылмыстық топтардың шабуылдарына да жиі ұшырайды. Осы себепті бұл қатерлі жол саналады.