Йемендегі гуманитарлық дағдарыс

БҰҰ қаржы тапшылығынан Йемендегі азық-түлік бағдарламасын тоқтатады.

Себебі бұл мәселеден мемлекетке гуманитарлық көмек жеткізу жиі кідіріп, көп қиындық туындаған. Йеменде 2014-ші жылдан бері азаматтық соғыс жалғасып келеді. Қарулы қақтығыстан 32 миллион тұрғыны бар елде халықтың 80 пайызы кедейшілкке душар болып, халықаралық ұйымдардың көмегіне зәру. Жарты миллионға жуық бала аш құрсақ. Миллиондаған адам баспанасынан айырылып, босқынға айналған.