Түркияда келер жылы алғашқы АЭС іске қосылады
Әлемдегі энергетикалық дағдарыс атом өнеркәсібін барынша дамытуды қажет етіп отыр.
Франция, Оңтүстік Корея, Жапония, Канада мен Нидерландта реактор салу бағдарламалары қайта іске қосылды. Ал Польша, Египет, Үндістан, Таиланд пен Түркия алғашқы атом станциясын салуды қолға алған. Түркия демекші, Анадолу жеріндегі тұңғыш нысан келер жылы жұмысын бастауы тиіс.
Түркияда "Аккую" атом электр станциясының құрылысы қызу жүріп жатыр. Ол елдің оңтүстігіндегі Мерсин провинциясында орналасады. Сөйтіп нысан өзінен бөлек маңайдағы 10 өңірді электр энергиясымен қамтамасыз етуі тиіс. Бұл аймақтарда шамамен 12 миллион тұтынушы бар. Құрылыс жұмыстары 5 жылға жуықтап қалды. Енді алғашқы блок келер жылы іске қосылатын болды. Жобаның көмегімен ауаға бөлінетін көмір қышқыл газының мөлшері 18 миллион тоннаға азаюы тиіс. Ал экономикаға пайдасы 6 жарым миллиард долларға бағаланып отыр.
Франция бейбіт атом саласындағы көшбасшы мемлекет
Францияда да атомдық реакторлардың құрылысы жоспарланған. 2050-жылға таман солардың алтауы салынуы тиіс. Бұдан бөлек билік қазір тағы 8 қондырғының құрылысына қатысты жобаларды қарастырып жатыр. Франция,,,бейбіт атом саласындағы көшбасшылардың бірі. Сектордағы қауіпсіздік пен кадрларды даярлау жағынан озық елдер қатарында. Мұнда 56 атомдық реактор бар. Қазір солардың 40-ы жұмыс істеп тұр. Қалғандары жөндеуден өтуде не техникалық қызмет көрсетуге жіберілген. Қондырғылар елдегі электр энергиясының 70 процентін өндіреді.
Қытайда атом өнеркәсібі қарқынды дамып келеді
Қытайда да атом өнеркәсібіның қарқыны өсіп келеді. Өйткені ол электр энергиясының ең ірі тұтынушысы саналады. Сондықтан 2035-жылы саланың энергетикалық сектордағы үлесі 2 есе артуы тиіс. Сонда жергілікті атом станцияларында электр қуатының 10 проценті өндірілетін болады. Ол үшін шығысымыздағы көрші ел жыл сайын 6-8 блоктан іске қосып отыруға ниетті. Қазір мұнда 50-ден аса энергоблок бар. Тағы 20-дан астамы салынып жатыр. Мемлекет бұл жағынан АҚШ пен Қытайдан кейін әлемде үшінші орында тұр.
Авторы: Жұлдыз Атагельдиева