Жапония билігі туристер санын шектемек
Жапонияның Фудзи тауына келушілер саны шамадан тыс көп, деп хабарлайды «Хабар 24».
Соның салдарынан ЮНЕСКО мұрасы күн санап ластанып жатыр. Осылай деген ел билігі «артық» туристермен күресуге мәжбүр.
3 776 метр биіктікте орналасқан тау жергілікті және шетелдік туристер арасында танымал. 10 жыл бұрын ЮНЕСКО Фудзиді Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізген соң қызығушылық тіпті артты. Биыл шамамен 4 млн турист келген. Бұл 2013 жылмен салыстырғанда 50%-ке көп. Енді ел билігі табиғи мұраны сақтап қалу үшін әртүрлі тәсілдермен туристер санын шектейді.