АҚШ-тағы Мэрилин Монроның үйі сүрілмейтін болды
Лос-Анджелестегі Мэрилин Монроның үйі тарихи ескерткіш ретінде сақталмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».
Актриса оны 1962 жылы 75 мың долларға сатып алған. 2023 жылы ғимарат америкалық компаниялардың біріне өткен. Компания 270 шаршы метр аумақты өз пайдасына жарату үшін ғимаратты бұзу туралы құрылыс департаментіне өтініш білдірген екен. Департамент келісімін бергенімен, қалалық кеңес бұған қарсы шықты. Кеңес мүшелері жаһанға әйгілі актрисаның дүние салғанға дейін тұрған үйі ресми түрде тарихи-мәдени ескерткіш ретінде танылуы тиіс дейді.