Израильде сот реформасына қарсы наразылық акциясы жалғасып жатыр
Израиль үкіметінің сот реформасына қарсы наразылық акциясы жалғасып жатыр.
Мыңдаған тұрғын Тель-Авив көшелеріне шығып, 1948 жылы қабылданған Тәуелсіздік Декларациясына қолдау білдірді. Құжатта Израильдің демократиялық мемлекет ретінде қалыптасуының негізгі қағидалары жазылған. Декларация көшірмесін ұстаған халық сот реформасының күшін жоюды талап етіп, судьялардың өкілеттіктерін шектеу туралы Үкімет басшысының бастамасына наразылық білдірді. Елдегі толқулар ақпан айынан бері жалғасып келеді.
Анат Рафаэли, Тель-Авив тұрғыны:
- Мен де осы мыңдаған адамдармен біргемін. Олар еліміздегі демократияға, 70 жылдан бері Үкіметтің қабылдап келе жатқан шешіміне қауіп төндіретін барлық әрекеттеріне қатты алаңдайды. Мен отбасыммен зайырлы мемлекет құру үшін біраз тер төктім. Бірақ бәрі бекер екеніне көзім жетті.