Колумбия астанасында «Көліксіз күн» шарасы өтті
Колумбия астансын Боготада ауаның ластануымен күрес мақсатында «Көліксіз күн» шарасы өтті.
Шаһар көшелеріне жолаушылар автобусы, жедел жәрдем қызметі және электрмобильден басқа көліктердің қатынауы шектелді. Адамдар қала ішінде жаяу немесе велосипедпен жүрді. Нәтижесінде шаһарда 2 миллионнан аса адам қоғамдық көлікті пайдаланды.
Андрес Родригес, жергілікті тұрғын:
- Менің ойымша, мұндай шараны жиі өткізу керек. Кем дегенде жылына 2-3 рет ұйымдастырып тұрған дұрыс. Бұл қаланың ластануын азайтуға көмектеседі.