Аргентинада жол апатынан 4 сарбаз опат болды

Аргентинада жол апатынан 4 сарбаз опат болды

Аргентина әскерінің жүк көлігі 10 метр биік жартастан құлап, 4 сарбаз опат болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қайғылы оқиға Патагония провинциясының бұрылыс жолында болған. Тағы 18 адам жараланды. Алдын-ала ақпарат бойынша, жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған. Техникалық ақау болуы мүмкін деген де болжам бар. Апаттың нақты себебі тергеуден кейін белгілі болмақ.