Үндістанның Нагпур қаласы су астында қалды

Жойқын су тасқыны 2,5 млн халқы бар шаһарды бірнеше сағатта-ақ талқандап өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тоқтамай жауған жауыннан жергілікті өзен деңгейі күрт көтеріліп, арнасынан шығып кеткен. Әзірге зардап шеккендер туралы ресми деректер айтылған жоқ. Оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары басталды. Куәгерлер әлеуметтік желіге аударылып қалған көліктер мен тамырымен жұлынып жатқан ағаштардың видеосын салып, апаттың қаншалықты жойқын болғанын көрсетіп жатыр.