Ливияда су тасқыны құрбандарының саны артты
Ливияда су тасқынынан опат болғандарды іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Елдің Төтенше жағдайлар қызметі Дернеде болған апаттан марқұм болған тағы 23 адамның денесін тапты. Олардың жеке мәліметтерін анықтап, құжаттандыру үшін мамандар тобы жұмыс істеп жатыр. Ливияның шығыс аймағындағы су тасқынынан бейресми мәлімет бойынша, 11 мың 300-ге жуық тұрғын опат болды. Жермен-жексен болған Дерне қаласының 30 мыңға жуық тұрғыны босып кетті.