АҚШ уақытша бюджет туралы заң жобасын мақұлдады
АҚШ билігі үкіметтің жұмысын тоқтатпауды көздейтін уақытша бюджет туралы заң жобасын мақұлдады.
Үкімет жартылай жабылса, ұлттық экономикаға нұқсан келіп, шағын бизнес, ана мен баланы қолдау бағдарламалары тоқтайды. Инфрақұрылым жобалары кейінге шегеріледі деген қауіп туындайды. Сенатта шатдаунның басталуына бірнеше сағат қалғанда ғана соңғы шешім қабылданды. Бастаманы 335 конгрессмен қолдап, 91-і қарсылық танытты. Айта кетейік, үкіметті қаржыландыру жобасы 45 күнге арналып есептелген. Оны Сенат спикері Кевин Маккарти ұсынды.