Түркиядағы жарылысқа қатысты жаңа видео жарияланды
Анкарадағы жанкешті шабуылына қатысты жаңа видеолар жарияланды.
Кадрдан көліктің ішкі істер департаменті қақпасының алдына тоқтағанын көруге болады. Ішінен ер адам шығып, кейін Ішкі істер министрлігі ғимаратының жанында жарылыс жасаған. Жергілікті БАҚ, содырлардың Кайсери провинциясында ұрланған көлікпен келгенін, ал көліктің иесін өлтіріп кеткенін жазып жатыр. Лаңкестік әрекетке байланысты жергілікті арналарда түсірілім жасауға тыйым салынды.
Естеріңізге салайық, Түркия астанасында бүгін таңертең жарылыс болды. Ішкі істер министрлігінің басшысы Әли Ерликаяның айтуынша, мұны екі лаңкес ұйымдастырған. Шабуыл жасаушылардың бірі өзін өзі жарып жіберген, екіншісі залалсыздандырылған.