Ірі жол апаты: 10 мигрант қаза болды

Мексиканың Чьяпас штатында мигранттарды заңсыз тасымалдап бара жатқан жүк көлігі аударылып, 10 адам көз жұмды.

Тағы 17 кісі жараланды. Барлығы АҚШ-қа қарай бет алып бара жатқан босқындар. Көлік жүргізушісі оқиға орынынан қашып кеткен. Апаттың себептері белгісіз.