Германияда дәрігерлер жалақыны өсіруді талап етті
Германияда денсаулық сақтау саласының қызметкерлері ереуілге шықты.
Елдің бірнеше қаласында наразылық шеруі өтті.
Дәрігерлер үкіметтен жалақыны көтеріп, еңбек жағдайын жақсартуды талап етуде. Наразылық акциясына энергия бағасының қымбаттап, инфляцияның шарықтауы түрткі болған. Сонымен қатар, білікті мамандардың жетіспеушілігі жағдайды ушықтыра түскен. Дәрігерлер үкімет тез арада тиімді шешім қабылдамаса, бұл жағдайдың соңы емханалардың жаппай жабылуына әкеліп соқтыруы мүмкін деп отыр.