Италиядағы автобус апаты 21 адамның өмірін жалмады
Италияда туристер мінген автобус апатқа ұшырап, 21 адам мерт болды, деп хабарлайды «Хабар 24».
18 кісі жарақат алды. Қаза болғандардың арасында балалар бар. Венеция қаласының шетіндегі ауданның бірінде эстакада үстімен келе жатқан автобус жолдан шығып кетіп, теміржолға құлап түскен. Көліктегі адамдардың көбі сол жерде жан тапсырды. Апаттың себептері әлі белгісіз. Автобус электрмен жүретіндіктен, бірден отқа оранып, адамдарды құтқару қиынға соққан.