Люксембургте баспана бағасы шарықтап тұр
Тұрғын үй тапшылығына көпшілік наразылық білдіріп жатыр.
Люксембург әлемдегі ең бай әрі жалақысы жоғары елдердің бірі болып есептеледі. Өткен жылдың қорытындысы бойынша елдің ішкі өнім 125 мың еуродан асқан. Баспана бағасы 1 шаршы метр үшін 10, 15 мың еуроға жетті. Мұндай жағдай тұрғындардың қалтасына кәдімгідей салмақ түсіріп отыр. Құрылыс қарқыны бәсеңдеп, инвесторлардың көбі үй сатуға көшкен.