Австралияда жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырады

Австралияда жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырап, 4 адам қаза тапты.

Олардың үшеуі – балалар, деп хабарлайды жергілікті полиция. Қайғылы оқиға Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының ауылдық округында болды. Әуе кемесі не себепті апатқа ұшырағаны белгісіз. Австралияның көлік қауіпсіздігі бюросы тергеу амалдары басталғанын хабарлады.