Таяу Шығыстағы қақтығыс

Израиль әскері Палестинаның ХАМАС қозғалысының шабуылына жауап ретінде бүгін түнде Газа секторына соққы берді.

Одан 200-ден аса қаза тауып, тағы 1 мыңнан аса тұрғын жараланды. Бірнеше сағаттан соң Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяху лаңкестікке қарсы операцияның алғашқы кезеңі аяқталғанын мәлімдеді. Және әскери қимылдар ұзаққа созылатынын ескертті. Осыған байланысты бейбіт халықты Газадан тез арада қауіпсіз аудандарға көшуге шақырды. Таяу Шығыстағы Қауіпсіздік жағдайдың күрт шиеленісуіне байланысты, Қазақстанның Израильдегі Елшілігі осы елде жүрген отандастарымызды сақ болуға шақырды. Жергілікті ресми билік хабарлағанға дейін қауіпсіз жерлерде қалуға кеңес беріп жатыр. Кеше таңертең Газа секторындағы палестиналық ХАМАС қозғалысы, Израиль аумағын зымырандармен атқылап, шекарадағы кей мекендерге басып кірген болатын. Шабуылдан 250-ден аса адам қаза тапты. Тағы 1 мыңанан аса тұрғын жараланды. Израиль билігі мемлекеттің соғыс жағдайында тұрғанын мәлімдеді. Қазақстанның Тель-Авивтегі елшілігінің байланыс телефондарының нөмірлері экранда көрсетілген.

Қазақстанның Тель-Авивтегі елшілігінің байланыс телефондары:

(- кезекші) +972 (3) 741 78 05

 (– ұялы)  +972 55 273 38 13

(- whatsapp) +7 700 111 31 96