Палестина-Израиль қақтығысынан қаза тапқандар саны артты

Израильде палестиналық ХАМАС қозғалысының шабуылынан қаза тапқандар саны 600-ден асты.

Тағы 2 мыңнан аса тұрғын жараланды. Израиль үкіметі ресми түрде мемлекеттің соғыс жағдайына көшкенін жариялады. Іс жүзінде бұл Израиль әскеріне ауқымды әскери операциялар жүргізуге мүмкіндік береді. Елде барлық мектеп пен жағажай жабылған. Ал Палестинаның Денсаулық сақтау қазметі Газа секторында қаза тапқандардың саны 370-тен асқанын хабарлады. Тағы 2200 тұрғын жараланған.

Еске сала кетейік, аймақта қарулы қақтығыс кеше ХАМАС қозғалысының Израиль аумағын зымыран атқылауынан соң басталды.