Жерорта теңізінде тағы 257 мигрант құтқарылды
Ливия жағалауына жақын жерде тағы 257 мигрант құтқарылды.
Бірнеше ағаш қайыққа мінген босқындарды теңізде «Шекарасыз дәрігерлер» ұйымының кемесі кездестірген. Қатерлі сапарға шыққандар арасында балалар да бар. Мигранттар Италияның Салерно портына жеткізіліп, арнайы қабылдау орталықтарына орналастырылған. Биыл Жерорта теңізі арқылы Еуропаға бет алған босқындар саны қайта артты. Мысалы, Италияға жыл басынан 130 мыңға жуық мигрант келген.