Голливудта қаламгерлердің 150 күндік ереуілі аяқталды
Голливудта соңғы онжылдықта болған ең ұзақ ереуіл аяқталды.
Сценаристер мен жазушылар киностудиялармен ортақ келісімге келе алды. Олар АҚШ Кино және теледидар продюсерлері альянсымен 3 жылдық еңбек келісімшартына отырған. Альянс жалақыны өсіру және жасанды интеллектіні пайдалану кезінде қаламгерлердің мүддесін ескеруге уәде берді. Жақын арада фильмдер мен сериалдар түсірілімі қайта басталмақ.
Естеріңізде болса, жазушылар мен сценаристер наразылығы 150 күнге созылды. Салдарынан көптеген фильм, сериал және шоулардың шығуы кестеден кешікті. Сарапшылардың пікірінше, бұл наразылық АҚШ экономикасына шамамен 6 миллиард доллар шығын әкелген.