Мәскеуде жылжымалы екпе егу орталықтары ашылды
Мәскеуде метро станцияларының жанынан жылжымалы вакциналау орталықтары ашылды.
Бұл жерден жасы кәмелетке толған кез келген Ресей азаматы тұмауға қарсы тегін екпе салдыра алады. Ұйымдастырушылар бұған 1-ақ минут кетеді дейді, тек науқасты бақылау үшін 15 минут күту қажет.
Жалпы Ресейде қазір балабақшалар мен мектептерде де жаппай вакцинациялау белсенді жүргізіліп жатыр. Эпидемиологтар аталған екпені ауырмай тұрып салдыруға кеңес береді.
- Бұл денсаулығымыз үшін өте маңызды деп ойлаймын.
- Вакцинаны биыл әлі алған жоқпын. Ал бұған дейін жұбайым екеуіміз жылда салдыратынбыз. Қазір жасымыз 70-те. Негізі екпе алған дұрыс. Ауырмайсың әрі таратпайсың.
- Иә, мен вакцина алдым. Менің ойымша, бұл – міндетті шара.